Қытайда дәрігерлер бетперде кигеннен кейінгі түрлерін көрсетті

Oinet.kz 17-02-2020

Соңғы мәлімет бойынша коронавируспен ауырғандардың саны 69 195 адамға дейін өсті. 1 665 адам қайтыс болды, барлығы 9 419 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Sputnik-ке сілтеме берген Oinet.kz.

Қытайдағы коронавирус

Әлеуметтік желілерде коронавирустың өршуіне байланысты тәулік бойы жұмыс істеген қытай дәрігерлерінің суреттері таралып жатыр.

Дәрігерлер науқастардан вирусты жұқтырып алмау үшін үнемі арнайы бетперде киіп жүрген. Ұзақ уақыт бетперде киюдің салдарынан олардың жүзінде ісік, жара, тіпті тыртықтар пайда болған.

image.png

image.png

Суреттер әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Қолданушылар қытайлық дәрігерлерге жанашырлық танытып, оларды нағыз батыр деп атауда.

Ақтауда екі бірдей жол апаты болды. Қаза болғандар бар
Нұрсұлтан қаласында 20 бөлмелі жатақхана өртенді

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×