Нұрсұлтан қаласында 20 бөлмелі жатақхана өртенді
Елордада екі қабатты жатақхана өртенді, деп хабарлайды 24.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.
«16 ақпанда сағат 21:37-де Нұр-Сұлтан қаласының өрт сөндіру қызметіне Күлтегін көшесіндегі екі қабатты жатақхананың өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өртті сөндіруге ТЖД 26 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде ғимараттың екінші қабаты мен шатыры жанып жатқан. Жалын сағат 22:44-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Аталған жатақханада 20 бөлме болған», - делінген Комитет хабарламасында.