Ақжарқын Тұрлыбай рақымшылыққа ілінуі мүмкін

Oinet.kz 05-02-2020 5522

Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылса, рақымшылыққа ілінуі мүмкін. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді деп хабарлайды Хабар24.

image.png



Ахметжановтың айтуынша, қазір отандасымыз Қытай сотының үкімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген. Осы процесс аяқталған соң бас прокуратура өкілдері Ақжарқынды елге қайтарып алу мәселесімен айналысады.

Қазір Қазақстан мен Қытай арасында сотталғандарды экстрадициялау туралы келісім бар. Соның негізінде Ақжарқын Тұрлыбайды елге алдыруға мүмкіндік болмақ.

Егер ол елге қайтарылып, Қазақстанда рақымшылық науқаны өткізілсе, қазақ қызына кешірілім берілуі әбден мүмкін.

Біздің тарап қазір Қытай сотының шешімі заңдық күшіне енгенін күтіп отыр. 

"Біз ресми түрде Қытай мемлекетіне ондай арыз-шағым түсіп жатқан кезде егер ол кісілер жазасын Қазақстанда өтейміз десе, сұрау жібереміз. Біздің шарттар бойынша егер Қазақстанда рақымшылық болса, әрбір келісімде әртүрлі жазылған (қандай мемлекетпен қалай келісеміз), ондай мүмкіндіктер бар толық", - дейді Марат Ахметжанов.

Еске сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды.

Ол кезде отандасымыз 20 жаста болған еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.

2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілген еді.

Өткен жылы 3 қыркүйекте Қытайдың Гуанчжоу қалалық сотында Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша отырыс өтті. Отырыста қорғаушы тарап ұсынған қылмыстық іс материалдары қаралды.

Ал 9 қыркүйекте отандасымыздың анасы Зухра Сейтімова Қазақстан президентіне көмек сұрап хат жазған еді.

Осыдан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға жасаған сапары барысында Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерді.

Өткен жылдың 27 желтоқсанда Гуанчжоу сотында Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды.


Жаңарқада жылдар бойы жалақыларын ала алмай жүрген теміржолшылар ереуілге шықты
Шөкеев Аюповтың жұмысына оң баға берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу