Бауыржан Исламхан ресми түрде араб футбол клубына ауысты

Oinet.kz 31-01-2020

31 қаңтарда Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Айн» клубы команда сапына жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханның қосылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz  порталына сілтеме жасап.

photo_63323.jpg

Бауыржан Исламхан «Әл-Айн» клубына барып, медициналық тексерістен өтіп, бес айлық келісімшартқа қол қойған. «Әл-Айн» Біріккен Араб Әмірліктерінің 13 дүркін чемпионы. 2018 жылы клуб әлем чемпионатына қатысып, мадридтік «Реалға» есе жіберген (1:4). 

 26 жастағы жартылай қорғаушы араб командасындағы ең қымбат ойыншылар қатарына кірген. 

Сонымен қатар, ол БАӘ чемпионатындағы ең қымбат футболшылардың топ-10 тізіміне енді. 

 Еске салайық, футболшы «Қайраттан» еркін агент ретінде кеткен болатын. Артынша ресейлік «Зениттің» оқу-жаттығу жиынына қатысқан. Бірақ келісімшартқа отырған жоқ. 

«Алдау үшін...»
Білім министрі: "ҰБТ-ға мүлдем кірмейді"

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×