Қазақстанда 36 мыңнан астам мәдениет және өнер қызметкерінің жалақысы өсті

Oinet.kz 31-01-2020 1236

Елімізде биылдан бастап 36 мыңнан астам мәдениет және өнер қызметкерінің жалақысы өсті, деп хабарлайды «Хабар 24» порталына сілтеме берген Oinet.kz

мәдениет.jpg

Сонымен қатар дене шынықтыру және спорт саласы қызметкерлерінің еңбекақысы 2023 жылға дейін кезең-кезеңімен 10 пайызға көтеріледі. Бұдан өзге спортшылардың допингке қарсы зертханасы, Ұлттық допингке қарсы орталық қызметкерлері, дене шынықтыру және спорт жөніндегі Республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының қызметкерлеріне лауазымдық жалақының 100 пайыз мөлшерінде жаңа қосымша ақылар белгіленді. Осылайша олардың жалақысы 2 есе өсті. 

Бұл туралы сала министрі Ақтоты Райымқұлова

– Өңірлерде халықтың барлық санаттарына мәдениет және өнер объектілеріне қолжетімділігі артып келеді. Ендігі кезекте халықтың осы нысандарға баруын қамтамасыз ету керек. Мәселен, біз мектеп оқушыларының өз өңірлерінің киелі жерлерімен таныстыру кестесі қарастырылуы керек. Жергілікті билікпен бірлесіп, инклюзивті театр, оқу орындарында инклюзивті факультет ашу мәселелерін де қолға алу қажет,- деп мәлімдеді.  

Сонымен қатар әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Ұстаздың оралуы» деректі фильмі түсірілетін болды. Мерейтой аясында «Әл-Фараби жолымен» халықаралық экспедициясы ұйымдастырылып, Сириядағы Дамаск қаласында орналасқан «Әл-Фараби» кесенесінің макеттік көшірмесі Түркістан облысындағы Отырар музей-қорығының аумағына орнатылмақ.

Балабақша тәрбиешілері баланың денесіне хат жазып жіберген
Тағы бір экс-президент сотталып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу