Елордада өтетін Азия чемпионаты короновирусқа байланысты кейінге шегерілді

Oinet.kz 30-01-2020 897

Су добынан ақпан айында Нұр-Сұлтанда өтуі тиіс лицензиялық Азия чемпионатының ұйымдастырылу мерзімі кейінгі шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сілтеме жасаған OINET.KZ.

Картинки по запросу "су добы""

Бұл туралы Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия отырысында белгілі болды. ҚР Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады. 

Бұл шаралар аясында Нұр-Сұлтанда өтуі тиіс лицензиялық Азия чемпионатының уақыты кейінгі шегерілгені белгілі болды. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 2-16 ақпан аралығында Нұр-Сұлтанда су добынан алғаш рет лицензиялық Азия чемпионаты өтетіні туралы жазған болатынбыз. Бұл байрақты бәсекеде Токио Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынуы керек болатын. Бәсекенің қашан өтетіні туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.


Коронавирус Қытайдың барлық территориясына тарады
2019 жылы қазақстандық банктерге 18 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу