Коронавирус Қытайдың барлық территориясына тарады

Oinet.kz 30-01-2020 762

Пневмония салдарынан қайтыс болғандар саны 170-ке жетті. Жеті мыңнан астам адам жұқтырған.

Қытайда коронавирустан зардап шеккендер саны 170-ке жетті. 7771 адам жұқтырған деп тіркелді. Бұл туралы South China Morning Post  газеті ҚХР Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының деректеріне қарап хабарлады.

 коронавирус.jpg

Коронавирус Қытайдың барлық территориясына тарады. Бұған дейін Тибетте жұқтырған факті тіркелмеген болатын. 

Бір күн бұрын 132 адам қайтыс болды және 5974 адам ауырып жатыр деген ресми хабарлама болған.

Тәулік ішінде 1737 адам жұқтырып, 38 адам қайтыс болды. Олардың ішінде 37 адам Қытайдың орталығындағы Хубэй провинциясында қаза тапты. Вирус дәл осы аймақтан тарай бастаған болатын.

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны сегіз мыңға адамға жетіп қалды.

Желіде қазақстандық екі студент коронавирус жұқтырды деген хабарлама тарады
Елордада өтетін Азия чемпионаты короновирусқа байланысты кейінге шегерілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу