2019 жылы қазақстандық банктерге 18 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2019 жылы екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың іс-әрекеттерінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Stan.kz порталына сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2019 жылдың қорытындысы бойынша аталған кезеңде екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) жол берілген қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарға мониторинг пен талдау жүргізді.
2019 жылы банктерге қатысты қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау аясында 294 ықпал ету шарасы, оның ішінде, 32 әкімшілік айыппұл; 259 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы; 3 жазбаша ұйғарым қолданылды.
Жүргізілген талдаудың нәтижесі банктер басым жағдайда Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында белгіленген келесі талаптарды, сондай-ақ мыналарды: банктік қарыздарға қызмет көрсету; төлемдер және ақша аударымдары; банкоматтар мен банктік шоттарға қызмет көрсетуді жүзеге асыруға байланысты Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіпті сақтамайтындарын көрсетті.Соңғы кезең ішінде банктерге қатысты қабылданған шаралар санының жыл сайын ұлғаю үрдісі байқалды. Өз кезегінде, уәкілетті орган қаржылық қызметтерді тұтынушылардың (азаматтардың) құқықтарын қорғау мақсатында қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдауда, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына түзетулер енгізілуде, және олардың орындалуын бақылау жүзеге асырылуда, сондай-ақ азаматтардың арыздары мен өтініштерін қарау аясында банк қызметтерін жеткізушілердің тарапынан бұзушылықтар анықталуда.
2019 жылы банктерге қатысты қабылданған ықпал ету шараларының және санкциялардың (айыппұлдардың) саны банктер бөлігінде төмендегі кестеде келтірілген:
2019 жылы банктерге қатысты шығарылған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 18 251 237,05 теңгені құрады. Әкімшілік жауапкершілік көзделген, банктер жіберген негізгі бұзушылықтар:
- кредит тарихы субъектісі туралы мәліметті оның келісімінсіз кредиттік бюроға беру;
- кредит тарихы субъектісі туралы мәліметті оның келісімінсіз кредиттік бюродан алу; - қарыз алушы бойынша кредиттік бюроға дәйексіз мәліметтер беру;
- ақпаратты жеткізушінің кредиттік бюроға кредит тарихы субъектісінен алынған мәліметтерді уақтылы бермеуі;
- төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша нұсқауларды «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Респубьликасының Заңнамасында айқындалған мерзімдерді бұза отырып уақтылы орындамау;
- банктің банктік қарыз шарты бойынша дербес талаптарда ЖТСМ мөлшерін дұрыс көрсетпеуі.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың банктік қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасына толық шолу және дербес анықтауы үшін Агенттік банктерге қабылданған қадағалап ден қою шаралары (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) және санкциялар (айыппұлдар) туралы ақпаратты ресми интернет-ресурста (www.nationalbank.kz) «Қолданылған ықпал ету шаралары мен санкциялар» бөлімінде орналастырады.