Головкин тағы бір халықаралық қызметке үміткер атанды

Oinet.kz 11-08-2026

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Азия және Еуропа бойынша Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті лауазымына үміткерлердің ресми тізіміне енді.

Screenshot_9.jpg

Оның кандидатурасы белгіленген рәсімдерден өткен. Геннадий Головкин 2026-2029 жылдардағы сайлауға үміткер ретінде тіркелді. Тиісті тізім ISSA құрамындағы барлық ҰОК-қа жолданған.

Сайлау 2026 жылы 12 қыркүйекте Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтетін ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы аясында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығы Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық Олимпиада комитеттерін біріктіреді. ISSA ұйымдастыратын басты спорттық жарыстардың бірі - Ислам ынтымақтастығы ойындары.

ШЫМКЕНТ: 100-ГЕ ЖУЫҚ ӨНЕРПАЗ АБАЙ ӘНДЕРІН ШЫРҚАДЫ
АБАЙ ӘЛЕМІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу