Түркістан облысында үш тіс дәрігері МӘМС аясында 43 мың адамның тісін "емдеген"

Oinet.kz 31-07-2026

Түркістан облысында стоматологиялық клиникалар медициналық сақтандыру бойынша адамдарды өтірік тіркеген.

Screenshot_7.jpg

Бір клиниканың үш тіс дәрігері 43 000 жалған науқасты тіркеген. Мұны Сұңғат Арынов Threads-парақшасында мәлімдеді. 

Осылайша стоматология балалар мен жүкті әйелдерді қабылдағандай етіп жазып, соған ақша алып отырған.

Түркістан облыстық прокуратурасы бірнеше клиниканы тексеріп, науқастарға қоңырау шалған. Сол кезде бұл құйтырқы әрекет анықталды.

“Екі филиалы бар клиника ресми түрде үш тіс дәрігерін жұмысқа алып, төлем жүйесіне 43 000 жалған науқасты енгізген. Олар жүкті әйелдер мен балаларды емдеген. Шын мәнінде бір дәрігер бір күні әртүрлі клиникаларда ондаған пациентті бір уақытта "қараған". Іс сотқа жолданды”, – деп мәлімдеді облыстық прокуратура.

Шығын 203 миллион теңгеден асты.

В Правительстве обозначили ключевые подходы к развитию системы технического и профессионального обра
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу