Коби Брайанттың қазасы жайлы жаңа ақпараттар белгілі болды

Oinet.kz 28-01-2020 911

Баскетболшы Коби Брайант қазасы жайлы жаңа ақпараттар белгілі болды. Спортшының жеке әуекөлігі ауаға көтерілгеннен істен шығып, жерге жақын ұшқан. Сағатына 297 шақырым жылдамдықпен келе жатқан тікұшақты басқару оңайға соқпаса керек, ол тау шатқалына тігінен барып соқтыққан. Қайғылы жағдай Кортни Кардашьянның үйіне жақын жерде, яғни Калабасас аймағы, Калифорния штатында орын алыпты.

Коби Брайант.jpg

Никки Минаждың туған ағасы 25 жылға бас бостандығынан айрылды! Джелани Мараждың үстінен бұдан 2 жыл бұрын іс қозғалған көрінеді. Бірақ осы уақытқа дейін, сот отырысы түрлі себептермен кейін шегеріліп келіпті. «Өгей қызын зорлады» деп айыпталып жатқан Джелани өз кінәсін мойындамаған. Керісінше, қорғаушысы екеуі тағы аппеляциялық шағым түсіруге ниетті. Никкидың өзі бұл даулы мәселеге қатысты әлі пікір білдірмеді.

Скарлетт Йоханссон той күнін тағы шегерді! 34 жастағы актриса көктем келе, Колин Жостқа тұрмысқа шығуы керек еді. Бірақ алдағы уақытта өтетін «киноакадемияның» марапаттау кешіне қатысатын болғандықтан, қуанышын ысырып қоюды жөн санапты. Естеріңізде болса, Скарлетт өткен күзде қалыңдық атануы тиіс еді. Бірақ, «жұмыс кестем тым тығыз» деп, неке қию рәсімінің мерзімін өзгерткен.

дереккөз: ntk.kz

Ауа-райына байланысты қандай бағыттар жабық?
Алматыда әл-Фараби орталығы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу