Соңғы 5 жылда елімізде қанша адам із-түссіз жоғалғандығы белгілі болды
Қазақстан Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде соңғы бес жылда елімізде жоғалып кеткен адамдар туралы ақпарат берді. 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін барлығы 13 085 адамға іздеу салынған, олардың 1066-сы өлі таблса, 1716-сы әлі күнге дейін табылған жоқ.
Ең көп жоғалғандар тізімі 2015 жылы тіркелген. Сол кезде жоғалған үш мыңға жуық адамнң 448-і таблмай, 253-інің мәйіті табылған. 2019 жылы 2361 адам жоғалд, оның ішінде 251-і табылған жоқ, ал 176 жоғалған қаза тапты.
Соңғы 5 жылда 90-ға жуық жасөспірім жоғалуы тіркелген. 2019 жылы 186 ер адам, 65 әйел адам табылмаған.
Қазақстан Республикасының Заңы бойынша хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды іздестіру жоғалып кеткен күннен бастап 10 жылдан кейін ғана тоқтатылады.