Әлия Назарбаева қазақстандықтарды ерекше мерекемен құттықтады
Елбасының кенже қызы әлеуметтік желідегі парақшасында отандастарын ерекше халықаралық мерекемен құттықтады, деп жазады Oinet.kz порталы.
Instagram желісіндегі кезекті жазбасында 21 қаңтар құшақтасу күні екенін еске салып:
«Бүгін әлем бойынша өте ерекше әрі өте жылы мейрам тойлануда - халықаралық құшақтасу күні.
Бұл мейраммен құттықтап, жақындарыңыз бен сүйіктілеріңізді құшақтауды ұмытпаңыз. Өз сезіміңізді жасырмаңыз!», - деп барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.