М.Әуезов атындағы ОҚМУ жастары «Абайдың жолын» темірқазық етті

Oinet.kz 20-01-2020 1337

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетінде «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы жарық көргелі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ұжымы президент мақаласына ерекше ден қоюда. Университетіміздің басшысы, тарих ғылымдарының докторы, академик Дария Пернешқызы Қожамжарова жас буынның Абай әлеміне бойлауына аса мән беруде. 2018 жылдың 29-қарашасында университет басшылығының қолдауымен ашылған «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығы ұлы Абайдың жүрегіне терең бойлап, ғылыми әлемін жас ұрпақтың бойына сіңіру жолында көптеген жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар біздің оқу орнымызда «Абайтану», «Мұхтартану» сабақтары саналы буынның рухани санасының кемелдену жолында өз ықпалын тигізуде. Бұл сөз жоқ ұстаз-басшымыз Дария Пернешқызының «Толық адам» ілімі жастардың бойына қалыптасуы үшін жасап жатқан игі істерінің нәтижесі!

Screenshot_3.jpg 

Дария Қожамжарова

Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің мақаласында: «Абай туындыларының мазмұны жалпы адамзаттық құндылықтарға толы. Оның қара сөздері – әлем халықтарының ортақ қазынасы»,  – деген еді. Осы орайда «Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, әдебиеттанушы ғалым Ақжол Қалшабектің ғылыми жетекшілік етуімен, Исламтанушы Абдулла қажы Жолдастың көмегімен Абайтанудың 100 жылдық тарихында, қазақ әдебиетінде тұңғыш рет ұлы Абайдың бүгінге дейін 38-қара сөз аталып келген «Китаб тасдиқ» туындысының транскрипциясын жасап шықтық. Транскрипция Алматыдағы М.Әуезов үйінің ғылыми қорындағы қолжазбаға сүйеніп жасалды. 

 Screenshot_1.jpg

Суретте Абайдың «Китаб тасдиқ» туындысының қолжазбасы

Бұл жаңалыққа ХХІ ғасырдағы Абайтану ғылымының көшбасшысы профессор Мекемтас Мырзахметұлы жоғары бағасын берді. Транскрипция жасау барысында Абайдың аталмыш шығармасы бүкіл Түркі халқына ортақ шағатай тілінде жазылғандығы дәлелденді. Осыған орай Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің мақаласында 38-қара сөзге ерекше тоқталғандығы бізді қатты қуандырып отыр. Бұл жұмыс жарыққа шыққан соң бір туған Қырғыз бауырлардың өзі ыстық лебіздерін жазып, алғыстарын білдіре отырып, Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына өз үлестерін қосуға ынталы екендіктерін жеткізуде. 2019 жылдың желтоқсанында ҚР Президентінің көмекшісі Аида Ғалымқызы Балаева Шымкент шаһарына іс-сапармен келген болатын. Зиялы қауым мен қоғамдық кеңес мүшелерімен өткен кездесуде Дария Пернешқызы ұлы ақынның мерейтойына орай ашқан жаңалығымызды Аида Ғалымқызына баяндай отырып, транскрипция мен қолжазбаны Президент көмекшісіне тарту еткен болатын.

Screenshot_2.jpg

ҚР Президентінің көмекшісі Аида Ғалымқызы және М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ректоры Дария Пернешқызының магистрант Әзімхан Исабектің ұлы Абайдың «Китаб тасдиқ» шығармасына жасаған транскрипциясын баяндау үстінде 

Міне, бұл жаңалық еліміздегі іргелі оқу ордасының басшысы Дария Пернешқызының, профессор-оқытушылар құрамының, жас магистр-докторанттардың жалпы студент жастарының ең үлкен ғылыми жетістігі!

Әзімхан ИСАБЕК, 

М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистранты

Кәрім Мәсімов «Құрметті президент» атанды
Еттің бағасы енді арзандайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу