«Еркін пікірде» жастар өз ойымен бөлісті
«Jas Otan» ЖҚ «Jastar - Otanga!» 2025 жылға дейінгі бағдарламасына ұсыныс қабылдау үшін және «Еркін пікір» жобасы аясында студент жастармен арнайы диалогтық алаң өтті. Кездесуді жүргізген «Jas Otan» ЖҚ Түркістан облыстық филиалы төрайымы Ж.Намаз кездесу мен жобаның мақсатымен толықтай таныстырып өтті. Кездесуде жиналған студенттер Түркістан қаласы мен елді-мекендерде орын алып жатқан проблемалармен бөлісті. Оларға білім, патриотизм және бос уақыт, еңбек пен кәсіптілік, бақытты отбасы салалары бойынша ұсыныстар жазуға арналған қағаз таратылды. Қағаздарға студенттер өздеріне қажетті жобалар мен тілектерін жазып, ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, оқу орындарындағы және жатақханадағы жағдайлары жайында тілге тиек етті. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті Дарын Әбдісадықұлы Түркістан қаласында және университет ішінде арнайы үйірмелер мен курстардың жеткіліксіз екен айтты.