Кентауда кемшілік көп
12-04-2023
2019 жылдың 25 қараша күні Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы облыстық филиалдарының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Елбасы Н.Назарбаев: «Қазір «Jas Otan» мемлекеттік органдармен бірлесіп 2025 жылға дейін жаңа «Жастар-Отанға» бағдарламасын әзірлеуде. Онда бүгінгі жастардың барлық сұраныстарына жауаптар көрсетіледі. Сәуір айында жаңа бағдарлама «Jas Otan» съезіне ұсынылуы қажет,» - деді.
Бағдарламаны әзірлеу мақсатында "Jas Otan" ЖҚ Түркістан облыстық филиалы "Jastar-Otanga!" 2025 жылға дейінгі бағдарламасын түсіндіріп, талқылау, жастардан ұсыныс жинау үшін алғашқы кездесуді Қазақстандағы ең ірі зауыттардың бірі Кентау Трансформаторлық зауытында да кездесу өткізілді. Зауытта орналасласқан цеxтерді аралап, жас мамандардың ойын тыңдап, олардың ұсыныстары жиналды.