«JASTAR OTANGA!» 2025 жылға дейінгі бағдарламасы «Ордабасы құс» ЖШС-да түсіндірілді
«Jas Otan» ЖҚ «Jastar - Otanga!» 2025 жылға дейінгі бағдарламасын жинақтау мақсатында «Jas Otan» ЖҚ Түркістан облыстық өкілдері Ордабасы ауданының «Ордабасы Құс» ЖШС қазіргі заманғы күркетауық фабрикасында жалғасын тапты. «Ордабасы Құс» ЖШС облысымызда құс өнімдерін өндіру бойынша алдыңғы орындарда тұрған фабрика болып табылады. Сонымен қатар, бұл жерде Ордабасы ауданының көптеген жастары қызмет атқарады. Жастардың білімдерін арттыруда қандай қиындықтар бар, не кедергі, қандай қолдау қажет екендерін сұраған облыс өкілдері жобаның мән-жайымен таныстырды. Партия тарапынан жастар үшін дайындалған жобалармен хабардар етіп, басқа да ойларын, ұсыныстары мен пікірлерін сұрады. Патриотизм мен бос уақыт, еңбек пен кәсіптілік, бақытты отбасы, білім салалары бойынша әзірленетін бағдарламаларға тың идея қосқан жалынды жастар қазіргі тұрмыстарындағы проблемаларын айтты. Тілекшелерін арнайы қағазға толтырып, мемлекет қарапайым бұқараның ұсыныстары мен пікіріне қызығушылық танытып отырғандығына ризашылық білдірді. «Алдағы уақытта да осындай игі, жастарға шынымен де пайдалы жобаларды күтеміз»,-деген жастар сөзімен шара өз мәресіне жетті.