Қытай азаматтарына шыққан қыздар зорлық-зомбылық көрген

Oinet.kz 25-04-2019 840

Өзбекстанда бұдан былай шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды арнайы тізімге енгізеді. Ондағы мақсат - қыздың болашақ тағдырынан хабар алып тұру. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлады.

Өзбекстан әйелдер комитеті арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қыздарды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселесін талқылады.

Жиын барысында сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, арнайы тізім жасақталатыны да айтылды.

Осыған дейін Қытай азаматтарына тұрмысқа шыққан өзбек қыздарының азапталғаны туралы хабар тараған. Өзбекстан елшілігі ол қыздардың төлқұжатын қалпына келтіріп, еліне қайтуға көмектескен.  

Димаш Құдайберген 90 жасқа толған Бибігүл Төлегенованы құттықтады
Назарбаев кеткенде көзіне жас алған Перуашев сайлауға не үшін түспейтінін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу