Димаш Құдайберген 90 жасқа толған Бибігүл Төлегенованы құттықтады
Танымал әнші Димаш Құдайберген 90 жасқа толған Бибігүл Төлегенованы құттықтады. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Аса құрметті Төлегенова Бибігүл Ахметқызы! Сізді осынау 90 жылдық мерей тойыңызбен құттықтаймын! Әлі есімде 2015 жылы "Славян базарына" барғалы жатқанда аналық ақ батаңызды беріп тілеуімді тіледіңіз. Қытай елінде де жарыста жүрген кезімде жолдаған батаңыз әлі есімде. Қазақ ән өнерінің - анасы екеніңіз сөзсіз. Бибігүл апа, сізге, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, 100 жылдығыңызды дүркіретіп атап өтейік! Сіздің күш жігеріңіз, еңбек еткен жолдарыңыз барлығы бізге болашаққа апарар үлкен белес!», - деп жазды ол.