Түркістан: Таза білім – кемел келешекке жол бастайды

Oinet.kz 10-12-2019 942

Бүгін ҚР  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің  Превенция басқармасының қызметкерлері қоғам індетінің алдын алу мақсатында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің  студенттерімен ашық кездесу өткізді.   

Screenshot_4.jpg

Келелі жиынның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың өне бойына турашылдық пен тазалық қағидаттарын дәріптеу, білім беру жүйесінде белең алған сыбайлас жемқорлық деректеріне жол бермеу және ел жастарын сапалы біліммен сусындауға үндеу.  

Жастарды жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа қарсы тұруға үндейтін жиынның шымылдығы  қазақ болмысында ертеден қалыптасқан асыл қасиеттер – «Адалдық. Парасаттылық. Әділдік. Сенім»   тақырыбында арнайы әзірленген бейнероликпен түрілді.   

Түсіндіру жұмыстарында Превенция басқармасының басшысы Ғ.Жүндібаев «Таза сессия» акциясының маңыздылығына айрықша тоқталып, университет студенттерін алдағы қысқы сессия кезінде заң құқықбұзушылықтарға жол бермеуге және  таза білімге жол бастау арқылы әділдіктің жарқын үлгісін көрсетуге шақырды.  

Сондай-ақ, аталмыш құнды қасиеттерді басшылылыққа алып өмір сүру – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы тұрудың маңызды құралы екенін атап өтіп, студенттерді пайдакүнемдіктен туындайтын парақорлықтан алшақ болуға дәріптеді.  

Screenshot_5.jpg

Жиын барысында оқу үдерісіндегі сыбайлас жемқорлықтың деңгейін және оның туындауына ықпал ететін себептерді анықтау мақсатында білім алушылар арасында сауалнама жүргізіліп, олардан қоғам індетіне негізделген сауалдар бойынша нақты жауаптар алынды.

Шара соңында Департамент қызметкерлері мен Арыстағы «Т.Тәжібаев атындағы балалар ауылының» тәрбиеленушілерінің қатысуымен түсірілген «1424» көркем фильмі жастар назарына ұсынылып, адал еңбек – жарқын болашақтың бастау бұлағы екендігі жіті түсіндірілді.

Қарағанды облысының әкімі Головкинмен кездесті
Еліміздегі 10 ЖОО-ның лицензиясы тоқтатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу