Қарағанды облысының әкімі Головкинмен кездесті
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы боксшы Геннадий Головкинмен кездесті деп хабарлайды Kaz.nur.kz.
Бұл туралы аймақ басшысы Facebook парақшасында жазды.
Айтуынша, бокс жұлдызымен кездесу барысында өңірдегі спорт саласының даму мәселесі талқыланған.
"Геннадий Головкинмен кездесіп, Нью-Йорктегі жеңісімен құттықтауға мүмкіндік туды.
Бірге отырып, Қарағанды облысының спорт саласының дамуын талқыладық. Геннадий ерекше жылулықпен және қамқорлықпен Майқұдықтың спорт инфрақұрылымы туралы сұрады.
Келесі жылы атақты "Литейщик" стадионын қалпына келтірумен айналысамыз және Магнитогорская көшесін толық жөндеуден өткіземіз деп уәде бердім", – деп жазды Жеңіс Қасымбек.