Еліміздегі 10 ЖОО-ның лицензиясы тоқтатылды

Oinet.kz 11-12-2019 1078

Білім және ғылым министрлігі қосымша тексеру жұмыстарын жүргізе келе, 5 жоғары оқу орнының лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Картинки по запросу ЖОО

«Біз бұған дейін, елімізде 5 ЖОО лицензиясының уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз. Бүгінде ЖОО-на қосымша тексеру жұмыстарын жүргізудеміз, соның нәтижесінде тағы 5 ЖОО-ның лицензиясын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдадық. Шешіммен келіспейтін ЖОО-ның заң бойынша шағымдануға 10 күн уақыты бар. Егер шағым түспесе немесе шағымданған жағдайдың өзінде сот шешімді өзгертпесе біз олардың атауларын жариялай аламыз. Жалпы ЖОО бойынша проблемалар жеткілікті. Анықталғандай, 1 курсқа 5 студент қабылданса, 4 курсты 150 студент бітіріп шығады. Демек 2,3 курстарда жауапсыз университеттер оқудан шығып қалған студенттерді қабылдайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз ЖОО-на деген талапты күшейттік және жоғары білім беру саласын реттеудің жаңа механизмдері енгізілетін болады», - деді Асхат Аймағамбетов министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салсақ, Бұған дейін біз Қазақ-орыс халықаралық университеті мен «Астана» университеті лицензияларынан айырылуы мүмкін екендігін хабарлаған болатынбыз. Сонымен қоса, Білім министрлігі алты ЖОО-дан бұзушылықтар анықтады. 

Сондай-ақ, кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Диплом тарататын конторға айналған ЖОО-ларға қатал шаралар қабылдануы тиіс деген еді.

Түркістан: Таза білім – кемел келешекке жол бастайды
Түркістан: Халықаралық білім ордасының студенттерімен ашық кездесу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу