Шымкент - Сарыағаш автожолында 4 көлік соқтығысып, 15 адам зардап шекті

Oinet.kz 25-11-2019 1228

24 қараша күні сағат 11:00-де Сарыағаш-Шымкент бағытында қозғалған Hyundai Accent автокөлігінің тежегіштері істемей, алдындағы екі Daewoo Nexia көліктеріне соғылған. Соққының салдарынан Hyundai Accent автокөлігінде өрт басталған. Дәл осы бағытта қозғалған төртінші автокөліктің жүргізушісі жол-көлік оқиғасына тап болған көліктерге соғылмас үшін автожолдағы қоршауды қағып өткен, - делінген хабарламада.

Шымкент-Сарыағаш.jpg

Жан түршігерлік жол апаты салдарынан 15 адам зардап шегіп, олардың 14-і Қазығұрт аудандық ауруханасына жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, жарақат алған 7 адамның жағдайы ауыр. 

Олар тез арада жансақтау бөліміне жатқызылып, ота жасалуда. Көмекке санитариялық авиациямен бір топ нейрохирург шақыртылды. Шымкенттен жеткен мамандар науқастарға операция жасап жатыр. Тағы үш адам аурухананың жарақат бөліміне жатқызылды. Төрт адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, олар үйлеріне қайтарылды, - деп хабарлады басқарманың баспасөз хатшысы Сәуле Алжанбаева.

Елордада синтетикалық есірткі өндіретін зертхана жойылды
Қостанайда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу