«Мен қарғысқа ұшыраған байғұспын ғой»
27-07-2022
Түркістандық Аяулым есімді бикеш беташар, құдалық тойынан кейін ұзатылған, деп жазады Oinet.kz тілшісі.
Көрнекі сурет
18 жасар Аяулым Сейлбекованың айтуынша, жұбайы оны 25 қазан күні алып қашқан.
26-ы күні беташары мен құдалық тойы қатар болып, араға он күн салып ұзату тойын жасайды.
«Негізі қараша айының бесі күні ұзатылуым керек болатын. Бірақ, басқа жігітке.
Мен бұл жігітті мүлдем танымайтынмын. Араға таныс әпкелерім түсіп, мені осы әулетке келін етті. Адамның қалағаны емес, Алланың қалауы болады екен. Амал жоқ көндім. Осылайша қоңырат еліне келін атандым.
Ұзату той жасау әке-шешемнің қалауы. Шақырылған қонақтардан ұят, ниет еттік, жасаймыз, - деп шешім шығарды», - дейді Сейлбекова.
Ал желтоқсанның бірі күні үлкен тойымыз болады, қызу дайындық үстіндеміз, - деді Аяулымның жұбайы.