Гүлмира Әбіқай: «Беташардың арты ашылды» (фото)

Oinet.kz 22-12-2021 3940

Осыдан бірнеше күндер бұрын желіде белгісіз тойда миллиондар шашқан азаматтар қызу талқыға түскен болатын. Беташарда 55 миллион жиналған тойдың кімге тиесілі екені белгілі болды. Бұл туралы тележүргізуші Гүлмира Әбіқай Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Oinet.kz.

7bead425675ceddaa781a219895bae8f.png

- Беташардың арты ашылды. Түлкібасқа (Түркістан обл.) келін түсті, беташарға 55 млн тг. лақтырды деп желіні шулатқан тойдың артында жүздеген адамның  көз жасы жатыр деп жазыпты көршісі. Жыртыл қазақ, жыртыл!

******

Саламатсыз ба? Бұл біздің ауылдың баласы  94жылғы екінші рет үйленіп жатыр. 55млн беташардан ақша түсті дейтіндей ол кюнетте істейді . Өзінің үйіне тақалып тұрған Нұргүл деген көршісін кітапханашы айлығы 40-50мың   1млнға кредитке кіргізіп жерген казір араласпайды осы үшін.  Халықтың көз жасының ақшасы бұл. Пиар үшін жасалған. Түркістан обл. Түлкібас ауданы. Кемербастау ауылында тұрамыз. Ауылға жексұрын болған осы кюнетке бәәәрін кіргізген.

Бұндайларға шара қолдану керек. Аңқау қазақты кредитке кіргізіп сол ақшаға шет ел араламай. 55млн алса мамасы мектептегі мұғалімдерден құдалыққа деп ақша жинамас еді. Ауылдың чатында осы үшін айқай шу болған бір жыл бұрын. Сол кезде айтып жүретін дау дамайсызды ма шақырамын сенің көзіңді құртымын деп… Ауылдың кез-келгенімен сөйлессеңіз Серікті жұлып жеуге дайын, бәрі бетіне түкіреді… Келуге де беті жоқ, енді жүр ғой. С/н Бақнұр - деп жазды журналист. 

Алматыда кәсіпкерлер үй салып берген ана көз жасын тыя алмады
45 жастағы әйелдің ұзатылғаны ел арасында шу тудырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу