Алматыда кәсіпкерлер үй салып берген ана көз жасын тыя алмады

Oinet.kz 22-12-2021 1125

Алматылық кәсіпкерлер елу отбасыға тегін пәтер салып берді. Аталған жоба қаладағы көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету мақсатында жүзеге асқан. Бизнесмендер коммуналдық шығын мен жалдамалы пәтер ақысын да өз мойындарына алған деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Жаңа баспанаға кірген елу отбасы бес жыл бойына тегін пәтерде тұрады. Осылайша, әлеуметтік санаттағы жанұяларға жағдайын тұрақтап, болашақта өз баспаналарына ақша жинауға мүмкіндік туып отыр.

Қала тұрғыны Мейрамгүл Палманова да баспаналы болды. Бұған дейін пәтерден пәтерге көшіп, көрінгеннің босағасын жағалап жүрген көпбалалы отбасы жаңа үйге қоныстанды. Отағасы бірнеше жыл бұрын дүниеден өткен. Өзі жалдамалы жұмыс істейді. Алған айлығы шайлығынан аспайтын әйел үшін қайырымды жандар сыйлаған баспана ең үлкен қуаныш.

"Өте қуаныштымын. Осы жобаға шақырып, бізге үй берген Мәрияш деген кісіге шексуз ризамын. Қанша армандасақ та, үй ала алмай жүргенбіз. Мұнда тегін тұрамыз. Сол аралықта біраз ақша жинап, өз баспанамызды аламыз.

Балаларым үшін қуаныштымын. Бәрінен бұрын 4 балам көңілденіп қалды. Енді сабақтарын жылы, жарық әрі жайлы жерде оқиды", – дейді көпбалалы ана.

Барлығы 50 отбасыға арналған екі қабатты үйдің құрылысы 3 жыл жүрген. Әлеуметтік жоба толықтай кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асқан. Олар тек үй салып берумен ғана шектелмей, алдағы уақытта азық-түлік пен киім-кешек тұрғысынан да көмектесетінін айтады.

Тараз маңындағы жарылыс: Жоғалып кеткен сарбазға байланысты министрлік жауап берді
Гүлмира Әбіқай: «Беташардың арты ашылды» (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу