Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Әлеуметтік желіде үйінен ұзатылып бара жатқан орта жастағы әйелдің видеосы тарады. Автордың мәліметінше, видеодағы әйелдің жасы 45-те.
Ұзату тойында түсірілген видеоның үзіндісі Facebook-тегі KUN.KZ парақшасында жария болды. Онда төркініне қимастық сезімін жасыра алмаған әйел көзіне жас алған. Осыған қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірінші топ әйелдің жылағанын әбестік көруде.
"Бақытты болсын. Неге жылайды осы? Түсінбеймін. Келмейтіндей, көрмейтіндей емес қой", "Жыламай -ақ неге шықпайды осы қыздар?", - деп жазады олар.
Ал әйелдің сезімін түсінуге тырысқан басқа желі қолданушылары шаңырақ көтерген жастарға бақыт тіледі.