Асхат Садырбай тойшыл қауымға ренішін білдірді (видео)

Oinet.kz 21-10-2020 1992

Қазақстандық белгілі журналист Асхат Садырбай той-томалақтарда ұлттық дәстүрімізді мазақ етіп жүрген қауымға шүйлігуде. Ақпарат өкілі қазіргі қоғамның өзі қазақи құндылықтарды қорлап, таптап жатқанда атышулы Боратқа ренжу орынсыз екенін алға тартты, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Асхат Садырбай желіде бүгінгі күннің беташарлары қалай өтіп жатқанына куә болып, күйінгеннен Instagram парақшасында азулы жазба жариялады. Белгілі журналист онда ұлттық салт-дәстүрді күлкіге айналдырған қоғамды аяусыз сынап, тойлардың берекесі кеткенін жазды. Сонымен қатар, ақпарат өкілі өз салтын өзі құрметтей алмай жүрген адамдардың Боратқа ашуланып жатқанына қатты таңғалғанын жеткізді. Оның сөзінше, беташар сынды дәстүрлерді мазақ еткендердің қылығы атышулы тұлғаның тірлігімен пара-пар. 

- "Беташар. Мына жерде ата-ене, абысын-ажын, келін-кепшік, бала-шаға жаппай мәз. Карантин талаптарын былай қойғанда, өткізіліп жатқан беташардың түрі мынау. Өзіміздің салт-дәстүрімізді өзіміз мазақ етіп, қорлап жүрміз. Әр тойдың өзінің орны, жолы, маңызы бар сияқты еді. Мына кісілер бүйректен сирақ шығарыпты. Креатив пен жаңашылдыққа келгенде қатты кетіп қалған екен. Тек пен тәрбие тым азайып барады. Айдаладағы Боратқа не үшін ренжиміз? Мына видеода қанша Борат бар сіздіңше" , - деп жазды Асхат Садырбай. 


Посмотреть эту публикацию в Instagram

БЕТАШАР! Деградация! Мына жерде ата-ене, абысын-ажын, келін-кепшік, бала-шаға жаппай мәз. Карантин талаптарын былай қойғанда, өткізіліп жатқан беташардың түрі мынау. Өзіміздің салт-дәстүрімізді өзіміз мазақ етіп, қорлап жүрміз. Әр тойдың өзінің орны, жолы, маңызы бар сияқты еді. Мына кісілер бүйректен сирақ шығарыпты. Креатив пен жаңашылдыққа келгенде қатты кетіп қалған екен. Тек пен тәрбие тым азайып барады. Айдаладағы Боратқа не үшін ренжиміз? Мына видеода қанша Борат бар сіздіңше? (Видео @shyndykz парақшасынан алынды)

Публикация от Асхат Садырбай (@sadyrbayaskhat)

Роза Рымбаева келінімен қарым-қатынасы жайлы шындықты айтты (видео)
Мәдина Сәдуақасованың анасымен түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу