«Айка» фильмі Барселонада өтетін кинофестивальді ашады

Oinet.kz 30-10-2019 990

Картинки по запросу айка фильм

«Айка» фильмі 2019 жылғы 30 қазан мен 10 қараша аралығында Барселонада өтетін Азиялық киноның беделді испан кинофестивалін ашады. Іс-шараның ашылуына фильмнің басты кейіпкері Самал Еслямова қатысатын болады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы алғанда, VII кинофестиваль аясында әлемнің 25 елінен 131 фильм және 25 қысқа метражды фильм ұсынылады.

«Сондай-ақ, Барселонадағы Casa Asia (Азия Үйі) мен ҚР Консулдығының қолдауымен фестивальға 5 қазақстандық картина қатысады: Жаңабек Жетіруовтың "Шыңырау", Алдияр Байрақимовтың "Грани", Төлеген Байтукеновтың "Саташ", Қуат Ахметовтың "Аруақ", Әзиз Заиров пен Мұхамед Мамырбеков "Қыз және теңіз" атты көрсетілімдері ұсынылатын болады», - деп хабарлады министрлікте.

Картиналардың басым көпшілігі (100-ден астам) - қарапайым адамдардың күнделікті өмірін, әлеуметтік қақтығыстар мен проблемаларды көрсететін драмадан триллерге дейінгі киноның түрлі жанрларындағы 2018 және 2019 жылдардағы көркем фильмдер болып саналады.

Мемлекет басшысы Ұлттық кеңес мүшелерімен кездесті
Үш баланың анасы екі пластикалық ота жасатамын деп көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу