Үш баланың анасы екі пластикалық ота жасатамын деп көз жұмды

Oinet.kz 30-10-2019 880

Похожее изображение

Англияда үш баланың анасы дәрігерлердің кеңесі бойынша бір уақытта екі пластикалық ота жасатып, салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

36 жастағы Луиза Харви клиникаға жүгініп, ішінің терісін тартып, омырауын үлкейтіп беруін сұраған. Медициналық мекемедегілер оған екі отаны бір уақытта жасатуға кеңес беріпті. Себебі осылайша арзанырақ түседі екен.  Өз кезегінде әйел дәрігерлердің дегеніне келісіп, 17 маусымда үш сағатқа созылған отаны жасатқан. Ал ертесі күні ол клиникадан шығарылды. 

Луизаның анасы Линданың сөзінше, дәрігерлер қызын клиникадан үйіне жібергеннен кейін, оған қанды сұйылтатын дәрі бермеген.  Арада бір апта өткеннен кейін дәрігер Харвидің жағдайын тексеріп, оның денесіндегі тігістердің бітіп келе жатқанын, бәрі дұрыс екенін айтыпты. Алайда 3 шілдеде әйел кенеттен есінен танып қалған. 

«Луизаның ағзалары көтере алмаған. Оның жүрегі мен өкпесінде қан ұйып қалыпты», - дейді Линда. 

Ауруханаға түскен Харви балаларын алып келуді сұраған. Ал ертесі күні ол көз жұмды. Жүргізілген сараптама нәтижелері әйелдің өліміне өкпесіне қан ұйып қалуы себеп болғанын көрсетті. 

«Айка» фильмі Барселонада өтетін кинофестивальді ашады
Израильдің Қазақстандағы өкілдігі жабылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу