Израильдің Қазақстандағы өкілдігі жабылады
Израильдің Сыртқы істер министрлігі шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерін жабады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Израильдің елшіліктері мен консулдықтарында азаматтарға ешқандай қызмет көрсетілмейді, миссияға кіруге тыйым салынады.
«Қаржы министрлігі Бас директоры бекіткен және 2019 жылдың 21 шілдесінде қол қойған келісімдерді бұзу туралы шешіміне және ондаған жылдар бойы күшіне еніп келе жатқан хаттаманы өзгертетін шет елдердің өкілдеріне біржақты процедураларды енгізуге байланысты Сыртқы істер министрлігі шет елдердегі барлық дипломатиялық өкілдіктерді жабуға мәжбүр. Консулдық қызметтер көрсетілмейді», - делінген Израиль сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Сондай-ақ мекемеге кіруге ешкімнің құқығы жоқ.
«Шет елдердегі Израиль өкілдері халықаралық қатынасты және елдің күшін нығайтуға күн сайын ұмтылуда. Қаржы министрлігі Израиль мемлекетінің негізгі құралына залал келтіріп отыр. Өкінішке орай, біздің дипломатиялық өкілдіктерді жабудан басқа таңдауымыз жоқ. Бұл мәселе таяу уақытта шешіледі деп үміттенеміз»,- делінген.