Минскіде қазақ кинолары көрсетіледі

Oinet.kz 18-10-2019 908

Минскіде өтетін қазақ киносының фестивалі бүгін «Әміре» фильмімен ашылады

Әр түрлі жанрда түсірілген Қазақстандық кинотуындылар 18-20 қазан аралығында Минскіде қазақ киносының фестивалінде ұсынылады, деп хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Кино фестивальдің ашылу салтанатында қазақтың тенор дауысты біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың өмірі туралы баяндайтын «Әміре» фильмі көрсетіледі. Сондай-ақ Рүстем Әбдірашевтың «Қазақ хандығы. Алтын тақ»,  Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол», Фархат Шәріповтың «Қызғылт қоян туралы хикая, Ермек Тұрсыновтың «Шал» және «Шырақшы» фильмдері ұсынылады. 

Сондай-ақ, балаларға арналған толықметражды «Мұзбалақ» анимациялық  фильмін тамашалай алады. Фестивальді Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және «Қазақфильм» киностудиясы ұйымдастырып отыр. Айта кетсек, бұл іс-шараны Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың алдағы Қазақстанға жоспарланған ресми сапары қарсаңында өткізілуде. Фильмдер Минск қаласындағы «Беларусь» кинотеатрында көрсетіледі.

Көпбалалы аналардың жәрдемақысы неге тоқтап қалды?
Ақпарат министрі: «Тоқаев – екінші Назарбаев емес»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу