Ақпарат министрі: «Тоқаев – екінші Назарбаев емес»
Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Хабар" арнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасында Елбасының Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысына араласпайтынын айтты. Ол кейбір БАҚ-та шыққан Қазақстандағы "қос билік" мәселесі туралы қосып өтті, деп хабарлайды OINET.KZ сайты.
«Біріншіден, Елбасы президенттің жұмысына араласпайды. Екіншіден, Тоқаев – екінші Назарбаев емес. Оның өзінің басқару стилі бар. Сондықтан президент өз жұмысында тың формат қолданған сайын "қос билік" туралы мәселені көтере берудің қажеті жоқ деп ойлаймын ", - деді Абаев.
Оның айтуынша, мемлекет басшысы маңызды мәселелер бойынша Елбасымен ақылдасып отырады.