100 шақырымға жуық жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүреді

Oinet.kz 24-02-2019 734

dec070e1-bc39-4c88-affc-2b6f72bc6a56.jpg

Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 18 147 шақырымды құрайды. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 2018 жылдың жоспары ретінде 70,7 пайыз болып белгіленгенсе, меже 71,2 пайызға жетіп, асыра орындалды. Аталған көрсеткішті 2019 жылы 74,1 пайызға жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бекзат Тілегенов мәлімдеді.

Сондай-ақ,  өткен жылы 956,6 шақырым жол мен көшелер немесе 73 нысанға (7 көпір) құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оның 52 нысаны немесе 521,9 шақырымы пайдалануға берілді. Ал 2019 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен қаржы қаралып, нәтижесінде 974,2 шақырым жол мен көшелер немесе 69 нысан құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Оның 653,2 шақырымы немесе 49 нысан ағымдағы жылы пайдалануға берілетін болады.

Қазіргі таңда, өңірде жол жамылғысының негізіне «Soil Grip» химиялық тұрақтандырғышын пайдаланып, негізгі қабатты арнайы техникамен өңдеу технологиясы бойынша 2018 жылы жалпы – 217,9 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіліп, оның 93,9 шақырымы пайдалануға берілсе, қалған 124 шақырым жол пайдалануға ағымдағы жылы беріледі.

Басқарма басшысының айтуынша, облыс аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 410 көпір орналасқан. 2018 жылы 7 көпірге құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылып, жыл қорытындысымен барлық көпірлер пайдалануға тапсырылған. Сондай-ақ, бүгінгі таңда, 28 көпір жөндеуді қажет етеді, оның 9 көпіріне ЖСҚ әзірленген. 2019 жылы 5 көпір жөндеу жұмыстарымен қамтылып, пайдалануға берілетін болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңа Түркістанның құрылысы заманауи сәулет үлгісімен салынады
Жетісайда «Мейірім-Шапағат» қайырымдылық дүкені жұмыс істейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу