Жаңа Түркістанның құрылысы заманауи сәулет үлгісімен салынады

Oinet.kz 24-02-2019 907

147419476917498300.jpg

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев түркиялық «ERA» компаниясының өкілдерімен кездесті. Бұл әлемде инновациялық сәулеттік жобалармен танылған ұйым. 1972 жылы құрылған компания Париж, Ыстамбұл, Бейжің мен Мәскеу сынды қалаларда жұмыс істейді. «ERA» компаниясы «Orteksan» ұйымының еншілес мүшесі. Аталған компаниялар индустриалды аймақтардың дамуымен шұғылданады. Қос ұйымның басшысы Берксан Буюкиылдыз Түркістан қаласындағы бой көтеретін ғимараттардың сәулеттік жобаларын әзірлеп, сондай-ақ Түркістан облысындағы индустриалды аймақтарды дамытуға ниетті екендігін жеткізді.

Шетелдік компания ұсыныстарын тыңдаған облыс басшысы өңірде инвесторлар мен кәсіпкерлер арналған қолдаулармен таныстырды.

«Қазіргі таңда облыста инвестициялық климат қалыптасқан. Кәсіпкерлікті дамыту бағытында қажетті жүйе, қолдау бар. Оның үстіне Түркістан облысы 2 миллионға жуық халқы бар өңір. Облыс орталығы Түркістан қаласы халықаралық магистраль жолында орналасқан экономикалық тиімді аймақ. Жаңа қаланың құрылысы кезеңінде сіздермен әріптестік танытуға дайынбыз. Түркістанның сәулеттік келбеті заманауи, озық болуына бірлесіп үлес қосуымыз керек», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Алдағы уақытта қос тарап Түркістан облысы мен өңір орталығындағы индустриалды аймақ мен ғимараттардың сәулеттік жобасы аясында әріптестік танытпақ.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістанда көпбалалы аналарды қолдауға арналған жоба жанданады
100 шақырымға жуық жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүреді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу