Тәуелсіздік мерекесі Шымкенттің ажарын аша түспек

Oinet.kz 26-11-2026

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойы қарсаңында Шымкентте мерекелік безендіру жұмыстары басталды. 

Қаланың орталық көшелері мен қоғамдық орындарында айтулы күнге арналған баннерлер 

мен мерейтойлық көрнекіліктерді көруге болады.

Сонымен қатар қала көшелеріндегі LED-экрандарда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған тақырыптық бейнероликтер көрсетілуде. Негізгі көшелер бойына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тулары да ілінді. Мұның барлығы шаһардың мерекелік келбетін айшықтай түспек.

Осылайша, мерейтойға арналған безендіру жұмыстары қалаға ерекше сән беріп, тұрғындар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйламақ.

Маслихаты в новой архитектуре власти: больше полномочий, ресурсов и ответственности перед гражданами
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу