Мектептегі қызық тақырыптар

Oinet.kz 07-10-2026

Мектепте оқушыларға әртүрлі тақырыптарда эссе жаздыру жиі кездеді. Кейбір тақырыптар қызық болса, кейбірі сенің өз көзқарасыңа қарсы тақырыпта эссе жазу болады.

Screenshot_5.png

Берілген тақырыпты қолдамасаң да, баға алу үшін жазатынмын. Мысалға:

“маған осы сурет ұнады себебі…”

“қыс-менің сүйікті мезгілім”

“мен бұл кітапты оқыдым”

Ал шындығына келсек, ол кітапты оқымағанмын. Осындай көзқарасыңа қарсы тақырыптарға шығарма жазу қиынға соғады. Менің ойымша, тақырып еркін түрде болу керек. Сонда ғана сөздік қорың дамып, көптеген дәлелдер келтіріп, шығарманы көркемдей түсесің. Әрине тақырып қиын болса, барлығы ғаламтор желісін қолданады. Бірақ, бұл оқушыны жан-жақты ойлауға үйретеді. Яғни адам тек өзінің пікірін ғана емес, басқа адамдардың көзқарасын да түсінуге тырысады. Бұл сыни ойлау қабілетін дамытады. Оқушы өзіне ұнамаса да берілген тақырыпты зерттеп, оған қатысты аргументтер табуға тырысады.

Сондықтан мұндай тапсырмалар білім беру процесінде маңызды рөл атқарады.

Жұлдыз ДАСТАНҚЫЗЫ,

«Abylaikhan Bilim»  жекеменшік мектебінің

10 «А» сынып оқушысы

«Спорт – жарқын болашақтың бастауы»
312 жаңа мәдениет нысаны: Қазақстанның мәдениет саласындағы жеті жылдағы өзгерістер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу