Сыр өңірінде «Шымкент сазы» шарықтады

Oinet.kz 27-09-2026

Қызылорда қаласының «Өнер орталығында» «Шымкент концерт» концерттік ұйымы өнерпаздарының қатысуымен «Шымкент сазы» атты концерттік бағдарламасы өтті. 

84042.jpg

Кеш барысында Қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің орындауында Шәмші Қалдаяқов әндеріне жазылған увертюра, Сүгірдің «Ыңғайтөк», Серік Әбдінуровтың «Ордабасы» және Төлеген Момбековтің «Салтанат» күйлері асқақтай шырқалды. Сонымен қатар, дәстүрлі өнер мен эстрада бағытында «Дәстүрлі әндер шеруі», Сүгірдің термесі, Агустин Лараның «Гранада» туындысы, сондай-ақ заманауи және халықтық әндер көрермен назарына ұсынылды.

Кештің ерекше тартуы ретінде Шәмші әндерінен құралған интерактивті караоке-блок ұйымдастырылып, жиналған көрермен өнерпаздармен бірге шарықтата ән шырқады.

Сондай-ақ кеш барысында елімізге танымал «Қазына» халық би ансамблі Арам Хачатурянның «Вальс», «Besame Mucho», «Самғау» сынды би композицияларын шебер орындап көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Тоқаев қазақ-қытай бағдарламасын іске қосуды ұсынды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу