Сауран ауданы: Баптай білсең балық та – байлық

Oinet.kz 06-08-2026

Сауран ауданында «Ауыл аманаты» жобасы аясында өз кәсібін ашқан кәсіпкерлердің бірі – Жасур Муминов. Жаңа Иқан ауылдық округінде қарасты Ибата елді мекенінде тұратын ол 240 шаршы метр жерде балық өсіруде. Ол өз кәсібін 2023 жылдың қыркүйек айында бастаған.

– Кәсіп бастауға түрткі болған Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасы. Осы жобаға қатысу арқылы қаржы ұйымдарынан төмен пайызбен 8,5 миллион теңге несие алдым. Бүгінде бұл кәсіпті айландырып отырғаныма үш жыл болды. Балықтың сұраныстағы түрі  «форель» балығын өсіріп жатырмын, – дейді кәсіпкер.

Бір атап өтерлігі оның бұл жұмысымен кезінде Премьер-Министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келгенде танысып, ісіне жоғары бағасын берген екен. Кәсіпкердің айтуынша, ұқсата алсаң балық та – байлық. Өңдеп, ұқсата алсақ, күнделікті дастарқан мәзірі қатарынан түспейтін, денсаулыққа да пайдалы, жұғымды һәм нәрлі астың бірі де осы. Өңіріміздегі су айдындарына бөлінер квота көлемінің, сондай-ақ балық аулаудың лимиттік шегінің биыл біршама ұлғайтылуы, әсіресе, айдын көлдердегі балық саны көбейтілуіне ден қойылуы саладағы «сеңнің» қозғала бастағанының да нақты дәлелі деу ләзім.

Айта кетейік, бүгінгі күні балық шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес аудан мен облыстың су айдындарындағы балық қорын толықтыру ісі жүйелі түрде жүзеге асырылу үстінде. Қазірдің өзінде иеліктеріне бекітіліп берілген су айдындарына балық шаруашылығына жауапты кәсіпкерлер тұқы, ақ амур балықтарының жүздеген құртшабақтарын жібергені белгілі болып отыр. Шабақтар жеке кәсіпкерлік құрылымдарының тәлімбақтарында өсірілген. Өңіріміздің басқа да су айдындарында  шабақтандыру жұмыстары жылда күз айларында тұрақты жалғастырылуда. Мұның өзі ауданның балық шаруашылығы жұмыстарын үйлестіру ісі біршама жүйелі жолға қойылғанының да нақты айғағында. Яғни, шабақтарды да жергілікті жердегі өз тәлімбақтарда өсіреміз, тауарлы балық өсіру ісі де қолға алынған. Ендеше,  саурандықтардың жергілікті жерде өсіріліп, өндірілген балық өнімдерімен жеткілікті түрде қамтамасыз етудің де ауылы алыс емес.

Әзірге оның орнын Жасур Муминов сияқты кәсіпкерлер толтыруда. Бүгінде кәсіпкер төрт бассейінде балық өсіріп отыр. Шамамен 6 айда 2 тонна балық ауласа, жылына 4 тонна балық аулап, ішкі нарық сұранысын қанағаттандыруға жұмыс істеуде. Кәсіпкер бүгінгі күні өзімен бірге 4 азаматты тұрақты жұмыспен қамтыған. Сонымен қатар, кәсіпкер «Ауыл аманаты» жобасы өз кәсібін ашамын деген азаматтарға таптырмас мүмкіндік екенін айтып, бұйыртса алдағы уақытта кәсібін үлкейтіп, бірнеше азаматты жұмыспен қамтуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

В Астане представили AQUA LAB — лабораторию для исследований и проектов школьников в сфере водосбере
Сауран ауданы: Өз брендін қалыптастырған наубайхана
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу