Абай саябағында масаларға қарсы дезинсекция жүргізілді
Шымкент қаласында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында масаларға қарсы дезинсекция жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Бүгін Абай саябағында залалсыздандыру жұмыстары атқарылды. Наурыз айынан басталған шараларға 30 дезинсектор мен 20 арнайы техника жұмылдырылған. Жұмыстар қаладағы 14 саябақ, 38 өзен-канал, 49 гүлзар мен аллеяны қамтиды.
Дезинсекция барысында сертификатталған «Тиаметрин» препараты қолданылады. Мамандардың айтуынша, препараттың адам мен жануарларға қауіптілігі жоқ.
Залалсыздандыру жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.


