АҚШ төрінен алғашқы жеңіс!
«Білімді, еңбекқор, мақсатшыл ұрпақ – еліміздің ең басты құндылығы. Жастардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалуға тиіс», – деп атап өткен болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы сөздің айқын көрінісіндей болған тағы бір жетістік – Сайрам ауданындағы «Green School» мектебінің 10-сынып оқушысы Құлынбет Алинаның халықаралық білім додасындағы жеңісі.
Алина АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен халықаралық Copernicus Olympiad олимпиадасында математика пәнінен қола жүлдені жеңіп алды. Әлемнің 15 мемлекетінен 300 оқушы бақ сынаған беделді білім сайысында ол Түркістан облысынан қатысып, жүлдеге ие болған жалғыз оқушы атанды.
Бұл жетістік – оқушының талмай ізденуінің, ұстаздарының сапалы еңбегінің және «Green School» мектебінде білім беру ісінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуының нәтижесі.
Құлынбет Алинаны халықаралық жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Сондай-ақ, шәкірт тәрбиелеуде аянбай еңбек еткен ұстаздарына және дарынды жастардың қабілетін шыңдауға қолдау көрсетіп келе жатқан «Green School» ұжымына алғысымызды білдіреміз.
С.АБЫЛБЕКОВА


