Сайрам ауданында астық жинау жұмыстары жалғасуда
«Ауыл шаруашылығы – экономиканың маңызды саласы. Ең басты міндет – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, саланың өнімділігін арттыру», – деп атап өтті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Осы міндеттерді жүзеге асыру аясында Сайрам ауданында биыл ауыл шаруашылығы саласындағы егін жинау науқаны жоспарға сай жүргізілуде.
2026 жылы аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары 52 800 гектар жерге орналастырылды. Оның ішінде бидай 14 600 гектар алқапқа егілген.
Бүгінгі таңда бидайдың 10 100 гектары орылып, орташа өнімділігі гектарына 18 центнерді құрады. Нәтижесінде 18 мың тонна астық жиналып, орақ науқанының орындалу көрсеткіші 69,2 пайызға жетті.
Сонымен қатар, 3 600 гектар жерге егілген арпа дақылы толық жиналды. Орташа өнімділігі гектарына 16 центнерді құрап, жалпы 5 760 тонна өнім алынды. Осылайша, арпа жинау жұмыстары жоспарға сәйкес 100 пайызға орындалды.
Қазіргі таңда аудан аумағында егін жинау жұмыстары қарқынды жалғасуда. Диқандар ауа райының қолайлы кезеңін тиімді пайдаланып, орақ науқанын белгіленген мерзімде аяқтауға күш салуда.


