Сайрам қаласының гүлденген шағы X-XII ғасырларға тура келеді

Oinet.kz 16-09-2025 32

Сайрам қаласы басынан талай жаугершілікті өткізді. Қирады, қайта түлеп, өркендеу кезеңдерін басынан өткерді. Ел тарихшыларының айтуынша, Сайрам қаласының гүлдену кезеңі X-XII ғасырларға тұспа-тұс келеді. 

Screenshot_26.jpg

Тарих беттерінде Сайрамды үлкен қолмен Шыңғысхан да келіп жаулаған. Қала толықтай 1219 жылы Шыңғысханның билеуіне көшті. Бірақ көне қала іргесіндегі Отырар, Сығанақ сияқты көп қираған жоқ. 

Жаулаушы тарап өз үстемдігін жүргізбей қоймады. Бұған дейін онда ашылған медресе атаулы түгелдей жабылды, кітаптар өртелді. Бұған дейін жұмыс істеген кен орындары жабылып, қаңырап қалды. Осының салдарынан көрші мемлекеттермен арадағы байланыстар үзілді.

Тарих ғылымдарының докторы, археолог Мұхтар Қожаның айтуынша: «Байырғы Сайрам қаласының орталығында жүргізілген көлемі жағынан шағын зерттеулер ІХ ғасырдан ерте дәуірге жататын заттық белгілер таппады. Алайда жазба деректердегі мәліметтерге қарағанда қаланың ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда болғанын көрсететін мәліметтер бар. Қожа Ахмет Ясауидің жақын туысқаны болып келетін «Насабнаме» шежіресінің авторы Сафи ад-Дин Орын Қойлақы Оңтүстік Қазақстанды ҮІІІ ғасырдағы мұсылман әскерлерінің жаулап алу тарихын баяндайды. Онда исламға дейінгі Сайрамбы араб әскерлерінің қалай жаулап алғандығы көрсетіледі: «Сайрамда бір патша бар еді. Аты Көркөз еді, лақабы Нахибдар еді. Сайрам елі 160 мың үйлік тарса еді. 300 рустайысы (елді мекені) бар еді. Барлығы тарса еді. Ысқақ баб Нахибдарды иманға шақырды. Нахибдар айтты: «70 атамнан бері тарсамын, менің дінім –хақдүр. Сенімен соғысамын» деп айтады. Үш түн және үш күн шайқасты, 10 мың тарса өлді, 5 мың мұсылман шахид болды. Шаһид болғандардың ішінде ең атақтысы … Ысқақбабтың жалау ұстаушысы – Абд ал-Әзиз бар еді. Сайрамда… Хийалық ата қалдырылды. Ол 45 жыл илму-хикмет айтты». Осы деректе Ысқақ бабтың Сайрамда үлкен мешіт салдырғаны айтылады: «…Шуба мешітін салды. Мешіттің құрылысына 30 мың 500 алтын ақша кетті».

Испиджаб қаласының дәуірлеп, гүлденген шағы X-XII ғасырлар болды. Бұл кезде қала өз маңындағы көптеген қыстақтар мен елді мекендерді біріктірді. Отырықшы ел жер жыртып, егіншілікпен айналысты. Арыс, Бадам өзендерінен қалаға құбыр жүргізілді, науалар салынды. Мұндай құрылыстарды қаланың қазіргі жатқан орнынан да айқын аңғарамыз.

Испиджаб қаласының тағы бір артықшылығы – ол Отырар, Сығанақ секілді мүлдем өлі қалаға айналып кеткен жоқ. Қазір онда халық мекендейді. Сайрамның солтүстік-батыс бетіне жаңа қала, аудан орталығы орнаған. Ал қазіргі сайрамдық диқандардың көпшілігі ескі арық жүйелерін пайдаланады. Бұл кездегі тоғандар, тоспалар сонау бабалардың кетпенінің ізімен жүргізілген.

Ислам діні алғаш қазақ жеріне Испиджаб арқылы тараған
Шымкент қаласының мәдени және тарихи нысандары туристерді қатты қызықтырады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу