Түркістан облысында жылыжай шаруашылықтарының жағдайы қалыпты

Oinet.kz 24-12-2024 10

Президенттің бастамасымен «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» атты екі бағдарламаның құралдарын біріктірген шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту жөніндегі кешенді бағдарламаны қабылдау маңызды қадам болды.

Screenshot_78.jpg

Мықты және бәсекеге қабілетті кәсіпорындар құру мақсатында тиімді жобаларға қолдау көрсету көзделген. Сонымен қатар жаңа жобаларды субсидиялау үшін бюджетті бөлу негізінен өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар арасында жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні Түркістан өңірінде шағын және орта бизнеске бет бұрған кәсіпкерлер қатары артуда. Негізінен жылыжай салуға ниет еткен кәсіпкерлер қатары артқан.  

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың айтуынша, бүгінгі таңда Түркістан облысында 1640 гектарға орналасқан 3366 жылыжай бар. Кеше оның қатысуымен облыста аймақ әкімінің тапсырмасына сәйкес жүргізілген талдаудың нәтижесі қаралып, өңірде бүгінге дейін көмір тапшылығы анықталмады.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың төрағалығымен өткен жиында жылыжайларды көмірмен қамтамасыз ету барысында туындауы мүмкін тәуекелдер сараланды. Жиында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов жылыжай шаруашылықтарының жылыту шығындарын субсидиялау бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, жыл басынан бері 29,4 гектар - өндірістік, 863 гектар фермерлік жылыжайларға қолдау көрсетілген. 

Жиында «Hermes» ЖК басшысы Әлішер Насыров көмір тасымалы барысында теміржол тұйықтарына қатты отынның көрсетілген көлемі нақты жеткізілмеу деректері орын алатынын айтып өтті. Нұрбол Тұрашбеков өндіруші, тасымалдаушы және жеткізуші кәсіпкерлердің уәждерін тыңдап, нақты тапсырмалар берді.

- Бізге жүктелген ортақ міндет — тұтынушыға тапсырыстың түгел және кешікпей жеткізілуін қамтамасыз ету. «Қазақстан темір жолы» АҚ өңірлік филиалдарына станциялардағы күзет қызметін күшейтуді ұсынамын. Қажеттілігіне қарай бейнебақылау камераларының санын арттырған жөн. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне өз құзіреті шегінде теміржол тұйықтарына жеткізілетін қатты отынның көлемі мен сатылуына кешенді бақылау жүргізу ұсынылады. Бақылау қорытындысымен заң аясында нақты шаралар қабылданатын болады, - деді облыс әкімінің орынбасары. 

Жиын соңында Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына, Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына өңірдегі қатты отын тасымалы бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, күнделікті мәлімет ұсыну жүктелді.

Түркістан облысында бірнеше мектеп пен дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанаты өтті
Уникальное лазерное шоу впервые прошло в Казахстане
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу