Түркістан облысында бірнеше мектеп пен дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанаты өтті

Oinet.kz 24-12-2024 12

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысында бірнеше нысан ашылып, олардың ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысқан еді.

Screenshot_77.jpg

Енді соларға тоқталсақ. Жаңа ашылған нысанның бірі Сайрам ауданы, Манкент ауылдық округіндегі «Айнабұлақ» негізгі орта мектебі. Ел игілігіне берілген 600 орынға шақталған білім ұясы облыстық бюджет есебінен салынды. 

Жалпы Түркістан облысында биыл 50 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның 29-ы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатыр. «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 2 мектеп тапсырылып үлгерілді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында білім саласына ерекше көңіл бөліп отыр. Жалпы білім саласына қатысты республикамызда жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» жобасы да өз тиімділігін көрсетуде. Одан бөлек, республика және облыс бюджеті мүмкіндігіне қарай білім ошақтары өңірімізде көптеп салынуда. Соның бірі 600 орындық Айнабұлақ» негізгі орта мектебі. Бұл білім ошағының ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарды қос мерекемен құттықтап, ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тіледі.

- Бүгін қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Ел Президенті білім саласына қолдау көрсету, ауылдарды дамыту жөнінде тапсырма берген болатын. Өңірде осы бағытта қарқынды жұмыс жүруде. Бұл мектепте білім алуға барлық жағдай жасалған. Мұның бәрі өсіп келе жатқан ұрпақтың игілігі үшін істеліп жатыр, - деп атап өтті облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы

Оқу ғимараты 3 қабаттан тұрады. Заманауи үлгіде салынып, материалдық-техникалық базасы талапқа сай жабдықталған. Мектепте 

асхана, оқу және зертхана бөлмелері, спорт залы соңғы үлгіде жасалған. Ұлдар мен қыздарға арналған шеберханасы мен арнайы дәрігерлік кабинет қарастырылған. Информатика мен робототехника сыныптары да бар. 

Сондай-ақ Тәуелсіздік күні қарсаңында Сайрам ауданы, Құтарыс ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Оның салтанатты ашылуына қатысқан аймақ басшысы Дархан Сатыбалды округ тұрғындарын арнайы құттықтады. 

– Баршаңызды Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздігіміз мәңгі, мәртебеміз биік болсын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арналған Жолдауында ауылдарды медициналық нысандармен қамтуды тапсырған болатын. Облысымызда 2024 жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жүргізілді. Оның ішінде Сайрам ауданына 3 нысан қаралды. Бүгін облыста биыл салынған 49 дәрігерлік амбулаторияның алғашқысының ашылу салтанатына қатысып отырмыз. Өңірде ұлттық жобадан тыс, облыс және инвесторлар қаржысы есебінен 6 нысанның құрылысы іске асырылды. Осы нысандар арқылы ауылдар мен елді мекендердің 90 мыңнан астам тұрғыны медициналық көмекпен қамтылады, – деді Дархан Сатыбалды.

5 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдағы нысанда медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетіледі. Медициналық мекемеде жалпы тәжірибелі дәрігерлердің қабылдау бөлмелері, әйелдер бөлмесі, күндізгі ем қабылдау, емдік дене шынықтыру, екпе егу, ем-шара, сүзгі бөлмесі бар, сонымен қатар медициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған. 

Сонымен қатар Тәуелсіздік күні Түлкібас ауданының Абайыл елді мекенінде жаңа медициналық тірек құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Сонымен бірге Ордабасы ауданы, Қарабастау ауылында заманауи үлгідегі фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілген болатын. Ауыл тұрғындары медициналық нысандардың ашылғанына қуаныштарын жасырмай, ел азаматтарына алғыстарын білдірді. 

- Жалпы биыл Түркістан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жалпы 49 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу жоспарланған. Оның ішінде 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт салынуда. Жалпы облыс бойынша жыл соңына дейін 48 медициналық нысан пайдалануға беріледі. Біреуі жеке инвестор есебінен салынады. Басым көпшілігінің құрылысы аяқталған. Жаңадан ашылатын нысандар тиісті құрал-жабдықтармен қамтылған. Ауыл тұрғындарына сапалы алғашқы медициналық-санитариялық көмек түрлерін көрсетеді. Ал ескі ғимаратта болған ФАП-тардың бірқатары жаңа нысанға ауыстырылады, - дейді аймақ басшысы. 

Жетісай қаласында ағын су жайы сөз болды
Түркістан облысында жылыжай шаруашылықтарының жағдайы қалыпты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу