Сарыағаш ауданында инфрақұрылым игілігін Жылғалықтар да көруде

Oinet.kz 11-10-2024 7

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында жергілікті басшыларға инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешуді тапсырған болатын. Президент тапсырмасына орай Сарыағаш ауданында қолға алынған жұмыс көп.

Screenshot_17.jpg

Кейбір инфрақұрылым мәселелері «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында шешімін табуда. Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың айтуынша, Жылға ауылдық округінде ағымдағы жылы инфрақұрылыс саласымен қоса   әлеуметтік нысандардың да құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы ретте, аудан әкімі аталған «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмысының барысымен танысқан болатын.

-  Президентіміз халыққа арнаған Жолдауында инфрақұрылым мәселесімен қатар бұқаралық спортты дамытуға да ерекше мән беріп отыр. Мемлекет басшысы «Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшінбұқаралық спорттыңмаңызы айрықша», деп атап өткендей, бүгінгі күні Жылға ауылдық округіндегі спорт кешенінің құрылысын «Таймас Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Қазір серіктестік тарапынан нысанның екінші қабатқа көтерілетін баспалдақтарына және еденге бетон құю жұмыстары темір арқалықтар, колонналар, ферма орнату жұмыстары толығымен аяқталған. Сондай-ақ, футбол алаңшасының еденін топырақпен толтырып нығыздау жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, нысанның ішкі қабырғалары қаланып, ішкі электр жүйелерін тартылып, ішкі әрлеу, кафель жабыстыру жұмыстары атқарылған.  Қазіргі таңда, терезе және ішкі кәріз жүйесін орнату, сыртқы қоршау абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ сыртқы және ішкі инфрақұрылым жұмыстары да қатар жүргізілуде, - дейді нысанның құрылыс жұмысымен танысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев.

Жалпы ондағы атқарылған құрылыс жұмыстарын саралаған аудан басшысы құрылыс жұмыстарының уақытылы жүргізілуі қатаң бақылауда болатындығын ескертіп, сондай-ақ, ауыл әкімі мен жауапты бөлім басшысына жұмыс барысын үнемі назарда ұстауды тапсырды.  

Сондай-ақ осы сапарында аудан әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Кездесуден алдын аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді. Аудан әкімі алдыңғы кездесуде көтерілген мәселелердің орындалғанын тұрғындар алдында баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісіп, тұрғындардың өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

- Ауылдық округте атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсақ, ауылдық округке қарасты Жылға елді мекеніндегі қашыртқының 4,7 шақырымы механикалық тазаланып, арнасы кеңейтілді. Елді мекенде орналасқан №56 бастауыш және  №12 С.Сейфуллин атындағы мектебіне қосымша 150 орындық бастауыш мектептеріне құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген. Қазіргі таңда, елді мекенде ауыз судың, табиғи газдың ішкі жүйелеріне  құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, кіші футбол алаңшасы мен воркаут, спорт кешенінің, дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде. Арнайы күл-қоқыс тастайтын орын (полигон) қоршалып, жолға дейін тас төсеу жұмыстары атқарылуда. Ал, Шайхана және Қарақалпақ елді мекендерінде табиғи газдың ішкі жүйелері құрылысының жобасы қаржыландыруға салалық басқармаға ұсынылып, ауыз судың ішкі жүйелеріне құрылыс жұмыстары жүргізілді. Қарақалпақ елді мекенінде бір ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, дейді аудан әкімі. 

Сондай-ақ аудан басшысының айтуынша, ауылдық округке қарасты Шымырбай елді мекенінде А.Есқожаев көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт жамылғысы төселген. Сонымен қатар онда фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы жүргізілуде. «Шеңгелді елді мекенінде биыл кіші футбол және воркаут алаңшалары тұрғындар игілігіне пайдалануға беріліп, тағы бір кіші футбол алаңшасының құрылысы бастау алды. Аталған елді мекенге қарасты Бүйірқұдық көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, табиғи газдың ішкі жүйелеріне, электр желісі және трансформатор қондырғыларының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Елді мекенде 952 метр тереңдікте ауыз су ұңғымасы қазылып, барлау жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында Жылға мен Шеңгелді елді мекен аралығына 10 киловт электр желісі құрылысының жобасына СЖТ әзірленуде» деген аудан әкімі Арман Абдуллаев келесі кезекте ауылдық округ тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.  

Әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған аудан басшысы әрбір ұсыныс пен өтініш хаттамаға енгізіліп, алдағы уақытта тиісті жұмыс жүретінін айтты. 

Сарыағаш ауданында халық тарапынан көтерілген мәселелер шешімін табуда
Сарыағаш ауданындағы Жылға ауылдық округіне таза ауыз су мен табиғи газ тартылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу