Түркістан облысында биыл 485 нысан құрылысы жүзеге асырылуда

Oinet.kz 08-10-2024 8

Құрылыс саласы Президент Жолдауының негізгі бағыттары. Өйткені құрылыс барлық салаға қатысты. Халықты тұрғын үймен қамту, жол-көлік логистикасы, таза ауыз су, көгілдір отын жеткізу мен индустриалды аймақтардың да дамуы осы құрылыс саласына тікелей байланысты. 

Screenshot_8.jpg

Жалпы Түркістан облысында биыл ұлттық қор, республикалық және облыстық бюджет есебінен 485 нысан құрылысын жүзеге асыруға 224,1 миллиард теңге бөлінген. Түркістан облысы әкімдігі құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абай Тұрхановтың айтуынша, бүгінгі күні осы нысандардың 94-і пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін 308 нысанды пайдалануға беру жоспарланса, қалған нысандардың құрылысы 2025 жылға өтпелі көрінеді. 

- Президент тапсырмасымен облысымызда қолға алынған жобалар көп. Соның ішінде «Жайлы мектеп» жобасы, «Нұрлы жол», «Баспана» тағы басқа да көптеген бағдарламалар мен жобалар бар. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының ауқымы бойынша Түркістан облысы республикада үздіктердің қатарында. Бүгін аталған саладағы құрылыс жұмыстары аймақ басшысы Дархан Сатыбалдының жеке бақылауында. Оның бұлайынша бақылауда болуының да өзіндік себебі бар. Өйткені әрбір әлеуметтік нысанның артында халықтың сұранысы мен тілегі тұр. Алдымен жауапты басқарма, аудан, қала әкімдері құрылыс барысын қадағалап, уақтылы тапсырылуына барынша жағдай жасауда. Сонымен бірге басқарма мен аудан және қала әкімдері де құрылысқа жауапты мердігерлердің күнделікті жұмысын қадағалап отырады, – дейді Абай Тұрханов.

Бүгінгі күні Түркістан облысында білім беру саласында 21 нысанның құрылыс жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 6 мектеп пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 8 нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Қалған 7 нысан 2025 жылға өтпелі. 

- Президент Жолдауында айтылған «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы Түркістан облысында қарқын алған. Жалпы аймақта жоба аясында 63 білім ошағын салу көзделген. Бүгінгі таңда оның жоба аясында 29-ында құрылысы жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда «Жайлы мектеп жобасы аясында Түркістан қаласында бір білім ошағы ел игілігіне берілді.  Қараша айында 3 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған және жыл соңына дейін тағы 12 мектеп құрылысы аяқталады деп күтілуде. Қалған 13 мектеп 2025 жылға өтпелі. Сондай-ақ «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту»  ұлттық қанатқақты жобасы аясында 48 жоба іске асырылуда. Ұлттық жобаға сәйкес барлық нысанды жыл соңына дейін аяқтау жоспары қойылған. Мәдениет саласы бойынша 12 нысан салынып жатыр. Бүгінгі таңда 3 нысан пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 1 нысан тапсырылмақ. Қалған 8 нысан 2025 жылға өтпелі. Спорт саласында 22 нысан құрылысы жүргізілсе, оның 3-еуі пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 7 нысан беріледі. Ауыл шаруашылығында – 7, арендалық тұрғын үйлерді сатып алу бойынша 247 үйдің құрылысы жүргізілуде. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша 39 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге 4 нысан пайдалануға берілді, жыл соңына дейін 14 нысанның құрылысы аяқталады.  «Turan» АЭА-ға инженерлік инфрақұрылым жүргізу бойынша 6 нысанның құрылысы жоспарланып, 2 нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 3 нысан құрылысы аяқталады деп көзделген, - дейді Абай Тұрханов.

Түркістан облысында жолдардың құрылыс сапасы – басты назарда
Сайрам ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал-дарақтар отырғызылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу