Жетісай ауданының Атамекен тұрғындары Жолдауға қолдау білдірді

Oinet.kz 06-09-2024 30

Жетісай ауданында Мемлекет басшысының халыққа арнаған жаңа Жолдауы ел ішінде жан-жақты насихатталуда. Жуырда аудан әкімі Серік Үсенұлы Атамекен ауылдық округі тұрғындарымен кездесдесіп, Президентіміздің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын бірге талқылады. 

Screenshot_17.jpg

- Мемлекет басшысы Жолдаған бұл жолдау – елімізде кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан ауқымды әрі маңызды реформалардың жалғасы. Жалпы соңғы бес жылдағы Президент жолдаулары бір-бірімен біте қайнасып жатыр. Өткен жылы бастау алған саяси жаңғыру жұмыстары үлкен экономикалық өзгерістерге ұласты. Сондықтан да бұл жолдаудың жөні бөлек. Себебі, Президент осы Жолдауында елдегі экономикалық, әлеуметтік дамудың таяу жылдардағы эволюциясын айқындап берді. Ол заңды да. Өйткені халықтың тұрмыс сапасы, берекелі өмір сүруі экономиканың дамуымен тікелей байланысты. Мемлекет басшысының Жолдауы осы саладағы күн тәртібінде тұрған, халық, қоғам күткен өткір мәселелердің шешімін тап басады, - дей келіп, аудан әкімі Серік Үсенұлы ауылдың жайына ойысты.  

Белгілісі, бұған дейінгі кездесулерде атамекендіктер тарапынан 8 мәселе көтерілген болатын. Тұрғындарды толғандырып жүрген әлеуметтік және басқа да өзекті мәселелердің төртеуі бүгінде өз шешімін тапқан болса, қалғандары тұрақты бақылауға алынып орындалу үстінде. Таратып айтар болсақ, ұзындығы 15,5 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар КХ-87 «Кетебай – Қараөзек – Атамекен» автомобиль жолын орта жөндеуден өткізу үшін бюджеттен бөлінген 890 миллион теңгеге тиісті жұмыстар жүргізілуде. Нысан 2025 жылға өтпелі.

Жемісті елді мекеніндегі жалпы ұзындығы  2,3 шақырымды құрайтын Береке, Жастар, Жеңіс, Талапты елді мекеніндегі Еңбекші көшелеріне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті қаржы қаралып, бүгінде мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатса, Мақташы мектебінің алдына бүгінгі таңда жол кедергілері орнатылған. Сонымен қатар, биыл Тыңдала ауылындағы таза ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеуге 4 миллион теңге, Жемісті ауылынан спорт алаңшасын салуға 22 миллион теңге, Талапты, Мақташы ауылдарынан футбол алаңшасын салу жұмыстарын бастауға 2,1 миллион теңге бөлінген. Ал, ішкі жолдардың сапасын жақсарту мақсатында Мақташы ауылынан 2 көшені, Қоғалы ауылынан 3 көшені, Әлімбетов ауылынан 1 көшені  орта жөндеуден өткізу үшін 96,3 миллион теңге қаралған.

Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Бақыт Жаңбырбаев өз кезегінде Атамекен ауылдық округінде көп жұмыстың атқарылғанын атап өтті. 

- Өздеріңіз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын теледидардан көріп-естіп, газеттен оқып жатқан боларсыздар. Жолдауда көп нәрсе айтылды. Алыңғы Жолдауда айтылған мәселелердің бүгін Атамекен ауылдық округінде қалай жүзеге асырылғанын аудан әкімінің баяндамасынан естідік. Оны көзіміз көріп те жүр. Атқарылған, қала берді істеліп жатқан жұмыс та аз емес. Қалай десек те Мемлекет басшысы халықтың әлаухатын, экономикасын көтеруге барын салуда. Сондай-ақ Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы ел болашағына қатысты мәселелерге келгенде әрдайым халықтың пікірін ескереді. Бұған біз тағы бір мәрте көз жеткіздік. Мәселен, Атом станцияның құрылысы бойынша референдум өткізу жауапты әрі маңызды қадам болмақ. Халық өз болашағын өзі таңдауға құқылы. Мұнда да Президенттің көрегендігі мен адамгершілігі, халыққа болсын деген пейілі көрініп тұр, - дейді Бақыт Жаңбырбаев.

Сондай-ақ аудандық мәслихат аппаратының басшысы Сакен Досымов, ауыл тұрғындары Мемлекет басшысының Жолдауына қолдау білдіріп, «Жолдаудан түйген басты ой – тиімділік» деп ой тұжырымдады.  

Атамекендіктермен өткен талқылау жиынында аудан әкімі Сәкен Үсенұлы округ тұрғындары тарапынан қойылған қосымша сұрақтарға жауап беріп, тұрғындардың мәселелерінің ешбірі аяқсыз қалмайтынын, кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын айтты. 

Сайрам аудан тұрғындары Жолдауда айтылған «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты
Жетісай ауданында Жолдау жүктеген міндеттер жүйелі іске асырылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу