Сайрам аудан тұрғындары Жолдауда айтылған «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Oinet.kz 05-09-2024 28

Сайрам ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өз жалғасын тауып келеді. Аудан тазалығына, оның келбетінің көркеюіне атсалысу – туған жерге деген сүйіспеншілік болып саналады. Осы сенбі күні аудан әкімі Арман Сәбитовтің бастамасымен Ақсукент ауылы орталығында орналасқан «Дендросаябақта»  «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. 

Screenshot_16.jpg

- Елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. Өз кезегінде Президент «Бұл – уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс» деді. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев игі шараның аймақтарда сапалы жүзеге асуына әкімдер тікелей жауапты екенін тілге тиек етті. Бұл орайда, біз Мемлекет басшысының осынау бастамасын қуаттап, әр апта сайын «Таза Қазақстан» акциясын өткізіп келеміз. Мәселен, аудан әкімдігі тарапынан маусым айынан бері 3 мыңнан аса адам жұмылдырылы, 580 тоннадан астам қоқыс шығарды. Сондай-ақ, тазалық жұмыстарына аудандағы әкімдік бөлімдерінің қызметкерлері, мекемелер мен кәсіпорын жұмысшылары, жастар да белсенділік танытты, - дейді аудан әкімі. 

Аталған аумақты көркейту және санитарлық тазалығын күтіп-ұстау жұмыстарына аудандағы басқарманың, аудан әкімдігінің, ауылдық округ әкімдіктерінің, дербес бөлімдердің, «Көрікті Сайрам» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Жастар ресурстық орталығының жастары, жалпы 1350-ден аса адам қатысты.   

Қоршаған ортаны қорғау, оның экологиялық тазалығын сақтау бағытында өткен сенбілікте «Дендросаябақ» аумағындағы қураған ағаш бұтақтарын қырқып, артық шөп-шаламдардан арылтты. Төңіректі бейберекет тасталған күл-қоқыстардан тазартты. Ағаш көшеттерінің түптерін қопсытып, суғарды. Олар осылайша, тұрғындардың саябақта тынығуына қолайлы жағдай қалыптастырды. 

Атап айтарлығы, жалпыаудандық сенбілік жұмыстары аясында 4 техниканың көмегімен 12 тонна қоқыс арнайы аумаққа шығарылған.  

Отырар ауданында Жолдауда жүктелген мәселелердің жүзеге асырылу барысы қарады
Жетісай ауданының Атамекен тұрғындары Жолдауға қолдау білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу