Отырар ауданында Жолдауда жүктелген мәселелердің жүзеге асырылу барысы қарады

Oinet.kz 05-09-2024 26

Отырар аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында көзделген міндеттерді жүзеге асыру барысы қаралды. Ол жиынға бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Screenshot_15.jpg

- Жолдауда жүзге жуық түрлі бастамалар, ұстыныстар және тапсырмалар бар. Мысалы, салық жүйесін мұқият ойластыра отырып қайта жүктеу, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шаралар топтамасын оңтайландыру, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі үшін қолжетімді несие беру, әділ әрі тиімді тариф саясатын жүргізу, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, білікті маманда даярлау, жасанды интеллектіні дамыту және жаппай цифрландыру, азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамсыз ету сияқты басымдықтарды айрықша атап өтеуге болады, - дей келіп, аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы күн тәртібінде қойылған негізгі мәселелерге ауысты. 

Жалпы күн тәртібінде аудан аумағындағы балалар ойын алаңшаларының қазіргі жағдайы және ретке келтіру туралы, бюджеттің шығыс және кіріс бөлігінің орындалуы, ауыл округі әкімдерінің 7 айдағы жұмыстарын бағалаудың рейтингтік көрсеткіштері және өзге де өзекті мәселелер қаралды. Осы мәселелер бойынша аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Саттар Нәлібай баяндама жасап, бұқаралық спортты дамыту, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында салынған ойын алаңшалары мен оларды күтіп ұстау, ретке келтіру жұмыстары туралы айтып өтті. 

- Мемлекет басшысы жаңа Жолдауында ел дамуы үшін маңызды 9 стратегиялық бағытты айқындап берді. Олардың қатарында ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту, өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу, кадрлық әлеуетті арттыру,  ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алу, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту, экологиялық ахуалды жақсарту, мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыру және қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру мәселелері бар. Мәселен, осы жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 9 елді мекендегі балалар ойын алаңшалары мен 7 елді мекендегі спорттық ойын алаңшаларын абаттандыру жұмыстары жүргізілді, - дейді Саттар Нәлібай.

Ол бүгінгі күні ойын алаңшаларының қазіргі жағдайына зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында ел игілігіне берілген ойын алаңшаларының қараусыз қалуы салдарынан төсемелері ойылып, ойын құралдарының сынғаны, сырлау жұмыстарын жүргізуді қажет ететіні анықталған. 

Аудан басшысы аталған мәселеге байланысты ел игілігіне берілген нысандарды күтіп ұстау және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыруды жауапты сала басшыларына тапсырып, жұмыстардың орындалу барысы өз бақылауында болатынын жеткізді. 

Ал аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Көлбай Асқар аудандағы құрылыс жұмыстарының барысы, жылыту маусымына дайындық, «Таза Қазақстан» аясында атқарылған жұмыстар, ауыл округтері бойынша тұрғын үйлердің газға қосылу барысы, жер қайтару және мектептерді жөндеу жұмыстарының барысы туралы мәселелер бойынша айтып берді. 

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарды ширату керектігін айтып, жауапты бөлімдер мен ауыл окрутерінің әкімдеріне мерзімді тапсырмалар жүктеді.

Ордабасы ауданында инвестициялық ақуал жақсартылуға күш салынуда
Сайрам аудан тұрғындары Жолдауда айтылған «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу